Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Депутаттар электр энергиясына тарифтердің өсуін болдырмауды қолдады

«ҚР кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасында энергия беруші ұйымдарды ірілендіру кезінде электр энергиясына тарифтердің өсуін болдырмау бойынша түзетулер енгізу ұсынылды. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология және жер қойнауын пайдалану мәселелері комитетінің мүшесі Шавхат Өтемісов палатаның пленарлық отырысында мәлімдеді.
Астана қаласы24 Мамыр , 14:56

«Осы заң жобасы Ұлт жоспарының энергия беруші ұйымдарды ірілендіруді көздейтін 51-қадамы аясында әзірленді. Мұндай ірілендіру процесі тұтынушыларды энергиямен қамтамасыз етуге сенімді арттыруы, тұтынушылар үшін тарифтердің өсуін болдырмауы тиіс », - деп хабарлады Ш. Өтемісов.

Сондай-ақ, ол депутаттар заң жобасы бойынша жұмыс барысында 250-ден астам түзету енгізілгенін де атап өтті. Түзетулердің көбі электр энергетикасы саласының үздіксіз және тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етумен байланысты. 

«Атап айтқанда, жұмыс тобы "Электр энергетикасы туралы" ҚР Заңының түсініктер аппаратын "технологиялық бронь", "технологиялық бұзушылық", "тұрмыстық тұтынушы" және басқа анықтамалармен толықтыру кезінде "өңірлік электр желілік компания"  түсінігін нақтылады», - деді спикер.

Сондай-ақ, депутат электр энергетикасы саласына қатысты түзетулермен қатар, отандық тұтынушылардың мүдделерін қорғау және ұлттық электр энергетикасы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, жер кодексіне электр өткізу желілерінің қорғау аймақтарын белгілеу, электр энергиясының экспорты мен импорты мәселелерін реттеу бойынша түзетулерді көздейтін ұсыныстар енгізілгенін де айтып өтті. 

«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" ҚР Заңына енгізілетін түзетулер білікті шартты тұтынушы түсінігін және оған ЖЭК жобаларын өз бетінше іске асыру құқығын беру мен жаңартылатын энергетиканы дамыту саласындағы жобаларды қолдаудың аукциондық механизмін енгізуді көздейді. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға энергия өндіруші ұйымдарды күз-қыс мезгілінде отын алуға субсидиялау құзыретін беруді енгізу көзделген », - деп ақпараттандырды Ш. Өтемісов.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика