Ұлтаралық бірлік

Жастар рухани жаңғырту процесіне белсенді атсалысатын болады

Жамбыл облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясы өтті, деп хабарлады аймақ әкімдігі.
Жамбыл 24 Мамыр, 14:32

Күн тәртібінде төрт мәселе қозғалды, бұл рухани жаңғыру – жалпыұлттық принцип, Ұлт жоспарының  «Біртектілік пен бірлік» IV реформасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар, Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясын дамыту тұжырымдамасын бекіту (2025 жылға дейін) және Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарын сайлау.

Сессияның жұмысын алғы сөзбен облыстық ҚХА төрағасы Кәрім Көкірекбаев ашты.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХV сессиясының отырысында Мемлекет басшысы атап өткендей, бүгінде бейбітшілікті, достық пен мейірімділікті насихаттайтын әлеуеті зор Ассамблея жаңғыртудың жалпыұлттық идеясын жүзеге асырудың фундементіне айналуы керек. Сонымен қатар ол бір қатар нақты жорбаларды атап өтті», -деді облыстық Ассамблея төрағасы.

Алқа отырысында қоғамдағы бірлік пен келісімді насихаттауда этномәдени бірлестіктер мен аймақтық меценаттардың жұмысы жоғары бағаланды.

Сессияның қорытындысы бойынша облыстық Ассамблея хатшылығы мен «Жас Отан» жастар қанатына, аудандар мен Тараз қаласы әкімдеріне жастарды рухани жаңғырту процесіне белсенді қатыстыру туралы тапсырма берілді. 





Яндекс.Метрика