Ұлттың денсаулығы

Қазақстанда онкологиялық қызметті дамытудың стратегиялық жоспары әзірленеді

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Женевада МАГАТЭ қатерлі ісік терапиясы бағдарламасының директоры Нелли Энверем-Бромсонмен кездесті, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы24 Мамыр , 12:47

Кездесуде  денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.  Биылғы жылдың маусым айында  imPACT миссиясынан ұсыныс қабылдау жоспарланған,  оған сәйкес  онкологиялық  қызметті дамытудың стратегиялық  жоспары әзірленеді.

Онколог дәрігерлердің жұмысын күшейту бойынша  жұмыстар  жүргізіліп, скринингтік бағдарламалар өзектілендіріледі.  МЖӘ аясында сәуле терапиясы аппараттары  бойынша жобалар жүзеге асырылады.

Айта кетерлігі, Қазақстанда 2012-2015 жылдар аралығында  Онкологиялық көмек көрсетуді дамыту бағдарламасы  жүзеге асырылды. Сондай-ақ, 2008 жылы жатырдағы қатерлі ісік бойынша  цитологиялық скрининг енгізілді. 2013 жылдан бастап  Ұлттық скринингтік  бағдарлама  кезеңдік түрде кеңейтілді.

Айта кетейік, imPACT МАГАТЭ Миссиясы  2004 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Аталмыш бағдарлама  сыртқы  сарапшылар мен сарапшылар  тобы жүргізетін   МАГАТЭ imPACT немесе «Кешендік миссияларды» қамтиды. 




Яндекс.Метрика