Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

Ұлттық банк 2020 жылға дейінгі қаржы секторының даму тұжырымдамасы мен 2050 Стратегиясын байланыстырады –Қ.Келімбетов

Ұлттық банк 2020 жылға дейінгі қаржы секторының даму тұжырымдамасы мен 2050 Стратегиясын байланыстырады, деп мәлімдеді ҚР Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов ОКҚ брифингінде.
Астана қаласы23 Желтоксан , 18:01

«Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің интеграциясы аясында бірқатар жұмыстар атқарылды. Қазақстан Мемлекет басшысы тапсырған тапсырмаларды орындауда «Қазақстан-2050» Стратегиясымен келешекке нық сенімде. Олар қазірдің өзінен бастап орындалуда. Біз қазір 2020 жылға дейінгі қаржы секторының даму тұжырымдамасы мен 2050 Стратегиясын байланыстыра отырып жұмыс істеудеміз», - деді Қ.Келімбетов.

Сонымен қатар, банктердің акционерлік капиталдан екінші деңгейлі банктерге шығу саяси шешімі негізіндегі жағымды жаңалығымен бөлісті.

«Өткен жыл Қазақстан үшін табысты болды. Өйткені елдің экономикасының тасы өрге домалады. Алты пайыздың экономикалық өсім байқалады. Еуропа елдері кейін қарай құлдырап жатқанда және Қытайдың дамуы бәсеңдегенде бұл көрсеткіш көңіл қуантады», - деді Ұлттық банк төрағасы.




Яндекс.Метрика