Парламент

Ұлттық банк, дипломатиялық қызмет, әділет органдары туралы заң ережелері қайта қаралды

Бюджет есебінен қамтамасыз етілетін жұмыскерлердің еңбегін бірыңғай жүйе арқылы төлеуді нақтылау бойынша Ұлттық банк, дипломатиялық қызмет, әділет органдары туралы заңдардың ережелері қайта қаралды, деді Әділет министрі Марат Бекетаев Мәжілісте жаңа заң жобасын таныстыру барысында.
Астана қаласы24 Мамыр , 11:15

«Енді бұл құзыреттілік  Үкімет арқылы  Президенттің келісімімен жүзеге асырылады.   Ұлттық банк басшылығы  Ұлттық банктің  мәртебесін  ескере отырып, еңбек ақысын төлеу жүйесін де Президенттің шешімімен  бекітетін болады», - деді М. Бекетаев.

«Құқықтық актілер туралы»  заңда  заңның күшіне ие  заңдар мен жарлықтарды  Президенттің қабылдауы  туралы ережелер алынып тасталады.

«Сондай-ақ, Заң   конституциялық емес болып таңдалған   жеке қолданудың құқықтық актілерімен толығады.  Әкімдер мен  өзге әкімшілік-өңірлік бірліктерді тағайындау заңмен шешіледі,  Заңға жергілікті  мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару  бойынша  өзгертулер енгізіледі», - деді М. Бекетаев.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика