АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

Астанада кезекті өңірлік ауыршаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Алдағы демалыс күндері Астанада өңірлік ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Бұл жолы Оңтүстік Қазақстан және Атырау облыстарының тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынады.
Нұр-Сұлтан24 Мамыр , 15:19

Елорда тұрғындары мен қонақтары азық-түлік өнімдерін базардағы бағадан 15-20% төмен алуға мүмкіндік бар.

 Жәрмеңкеге 254 тонна өнім жеткізіледі: 47 тонна ет және ет өнімдері, 132 тонна көкөніс, 6 тонна сүт өнімдері, 2 тонна шұбат, 13 тонна балық, 3 тонна – бал, 4 тонна – сұйық май, 5тонна – макарон өнімдері, 25 тонна – картоп, 4 тонна сүрленген түрлі өнімдер және 5000 жұмыртқа. Сондай-ақ, тағы 14 тонна басқа да қажетті өнімдер сөрелерге қойылмақ.  

 Жәрмеңке «Қазақстан» СК және «Алай» көлік-логистикалық орталығының аумағында өтеді.

Облыстардан келетін шығармашылық ұжым келушілерді концерттік бағдарламалармен қуантып, көтеріңкі көтеріңкі көңіл-күй сыйламақ.

Айта кетейік,  Астанада  13 мамыр мен 1 қазан аралығында өңірлік ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтеді.

 




Яндекс.Метрика