Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Литва арасында автомобильмен жүк тасымалдау көлемі артты

2017 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан мен Литва арасында автомобиль көлігімен жүк тасымалдары көлемі 2,2%-ға өсті және 18,3 мың тоннаны құрады, деп хабарлады ИДМ баспасөз қызметі.
Әлемде24 Мамыр , 11:02

Автомобиль көлігімен тасымалданатын негізгі жүктер құралдар, электрондық техника, халық тұтынатын тауарлар (азық-түлік өнімдері, электр құрылғылары, сантехника), өсімдіктен шығатын азық.

 «Келіссөздер барысында 9000 әмбебап және 1500 үшінші елдерге/елдерден рұқсат бланкілері көлемінде 2017 жылға рұқсат бланкілерімен алмасудың нақты квотасы мен 2018 жылға алдын ала квота орнатылды», - делінген хабарламада.

2017 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан мен Литва арасында автомобиль көлігімен жүк тасымалдары көлемі 2,2%-ға өсті және 18,3 мың тоннаны құрады.

Айта кетейік, Астана қаласында 1993 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі Литва Республикасының Үкіметі арасындағы жолаушылар мен жүктердің халықаралық автомобильмен тасымалдары туралы Келісімнің аясында Халықаралық автомобиль тасымалдары мәселелері жөнінде қазақстан-литва аралас комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында тараптар Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы арасындағы жүк тасымалдарының көлемі туралы ақпаратпен алмасты және үстіміздегі жылда екі ел арасында жүк тасымалдары көлемі ұлғаюының оң динамикасын атап өтті.

 




Яндекс.Метрика