EXPO-2017

Астанада Wi-Fi желісін тарататын 18 нүкте орнату жоспарланып отыр

Астана билігі EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында энергияның баламалы көздерін дамыту бойынша жобаны жүзеге асыруда, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы24 Мамыр , 10:19

Осыған орай елордада Wi-Fi желісін тарататын 18 нүкте орнату жоспарланып отыр. Бұл нысандар баламалы энергия қуатын пайдалану арқылы жұмыс істейтін болады. 

Сондай нысанның бірі – күннің көзі мен желдің қуатын пайдалану арқылы жүмыс істейтін киіз үй бөлігі сипатындағы қондырғы.

«Бұл жерде меймандар тек демалып қана қоймай, ұялы телефоннан бастап басқа да гаджеттерін қуаттай алады. Аталған қондырғы Қазақстанда жасалған  – біздің қанатқақты жобамыз. Оны тек жаздың кезінде ғана емес, қыста да, яғни жылдың әр мезгілінде пайланауға болады. Егер елорда халқының көңілінен шығып жатса, аталмыш қондырғылар қаланың басқа да аудандарына пайда болады», - деді Астана қаласы Энергетика басқармасының өкілі Рустам Қадыров.

Оның айтуынша, қондырғы бейнебақылаумен қамтылған.

Аталған нүктеде бейнебақылау камерасы бар.

 




Яндекс.Метрика