Энергетика

Ақтауда бірыңғай сәулеттік жарықтандыру тұжырымдамасы қабылданды

Биылдан бастап өңір басшысының қолдауына ие жаңа жобаны «OLYMP UNION» компаниясы жүзеге асырмақ, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Маңғыстау24 Мамыр , 10:01

Аталған мекеме Алматы, Астана қалаларын жарықтандыру, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрме аумағын көріктендіру бойынша зор тәжірибеге ие.

 «OLYMP UNION» компаниясы он жыл ішінде Астана шаһарында Сулы-жасыл желек, Орталық саябақ аумағын, 12 көше бойын,  Алматыда 182 ғимаратты жарықтандыру бойынша біршама істер атқарды. Мәселен, биылдан бастап  Орталық алаң,  Президенттік саябақ аумағын жарықтандыра түсудеміз. Жұмыс барысында заман талабына сай әрі экономикалық тиімді жарық диодты шамдар қолданылады. Мәселен, жоспарда белгіленген есептік көрсеткіштерге сүйенсек, Ақтаудағы «Астана алаңын» жарықтандыру  үшін 15 кВт электр қуаты қажет. Компания үш жылға дейін кепілдік береді. Біз қалалық әкімдіктің «электр желілері басқармасымен» бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз. Әрі қызметкерлерді оқыту ісі бойынша келіссөздер жүргізіледі»,-дейді «OLYMP UNION» компаниясының басшысы А.Желдібаев.

Компания Ақтау қаласында орналасқан 50 ғимаратты жарықтандыруға жұмыстанады. Қазіргі таңда  қала бойынша 27 ғимаратты түрлі-түсті жарықпен безендіру дизайны ойластырылып, жобасы  жасақталды. Компанияның бас дизайнері О.Фадеев жергілікті ғимараттарды сәулетті жарықтандыруда бірнеше санатқа бөлетіндігін ескерді.

Әкімшілік, қоғамдық ғимараттар, тұрғын үй кешендері мен қонақүйлер, өндірістік кәсіпорындар, саябақ, сквер, аллея мен ескерткіш орындары сынды кіші сәулет нысандары өзіндік ерекшеліктеріне орай көрнектеледі. Ақтау қаласын арнайы безендіру барысында көк пен сары түстеріне басымдық беріледі. Көк - кәрі Каспийдің символы, ал сары Күн нұрына малынған қала көркінен хабар береді.

 




Яндекс.Метрика