ҚР Президентінің Жолдауы

Қазығұрт ауданында МЖӘ аясында 12 жаңа балабақша ашылады

2020 жылы апатты мектептер мәселесі толығымен шешіледі, деді Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қазығұрт ауданының әкімі Төлеген Телғараевт Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауындағы міндеттердің ауданда жүзеге асырылуы бойынша баспасөз-конференциясында.
Оңтүстік Қазақстан24 Мамыр , 09:41

 «Осы ретте, аудандағы апатты және апат алдындағы мектептерді жою, білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға баса назар аударылуда. Апатты және апат алдындағы 26 мектептен 2015-2017 жылдары 17 мектеп, 2018-2020 жылдары 9 мектептің  құрылысын салу жоспарлануда. Осылайша, 2020 жылы апатты мектептер мәселесі толығымен шешіледі»,-деді әкім.

Оның айтуынша, ауданда ұлттық қор есебінен 300 орындық 5 мектеп, ал жергілікті бюджеттен 100 орындық 3 мектеп салынып жатыр. Сонымен қатар, 2017 жылдың маусым айына дейін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 12 жаңа балабақша ашылып, осының нәтижесінде 1455 бала балабақшамен қамтылмақ.

«Сонымен қатар,  биылғы жылы 11 сыныпты бітіруші 1640 оқушыдан 1156 оқушы (70%)  ҰБТ-ке қатысуға өтініш берген.          Ал балаларды жазғы демалыспен және сауықтырумен қамту мақсатында 4 демалыс лагерінде  3656 оқушы демалады», - деді ол.

Сондай-ақ, аудан басшысы осы жылы Қақпақ ауылдық округінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 300 орындық  заманауи лагерь құрылысы жеке кәсіпкер арқылы жүзеге асырылатынын жеткізді.




Яндекс.Метрика