Тәртіпсіздікке мүлде төзбеушілік принципін енгізу

Елордада жаңа жыл мерекесінде 1,5 мың полиция қызметкері жұмыс істейді

Елордада Жаңа жыл мерекесінде 1,5 мың полиция қызметкері мен 160 патруль көлігі жұмыс істейді. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің сайты Астана қаласының ІІД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бақытжан Малыбаевқа сілтеме жасай отырып хабарлады.
Астана қаласы23 Желтоксан , 18:12

«Алда келе жатқан жаңа жылдық іс-шаралар қарсаңында қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды ескерту мен жолын кесу үшін 2013 жылдың 23 мен 27 желтоқсаны аралығында кең ауқымды «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Іс-шараға елорда гарнизонының жеке құрамы, ішкі әскерлердің әскери қызметкерлері және жұртшылық қатысады. «Құқықтық тәртіпті» өткізуге шамамен 1,5 қызметкер мен 160 автокөлік  жұмылдырылады»,- деді Астана қаласының ІІД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бақытжан Малыбаев.

Сонымен қатар, «Құқықтық тәртіп» барысында азаматтардың жаппай шоғырлану және демалу орындарында көше қылмыстарының жолын кесу және алдын алу іс-шаралары жүзеге асырылады.

Учаскелік полиция инспекторларымен әкімшілік аумақтарын профилактикалық аралау, есепте тұратын тұлғаларды тексеру, қару иелерін тексеру күшейтілді.

Жол-патрульдік полиция жасақшаларымен жол қозғалысына және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бақылау жасау күшейтіледі.

 
 
 
 




Яндекс.Метрика