Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Самұрық-Қазына 2016 жылды жақсы қаржылай көрсеткіштермен аяқтады

«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев атап өткеніндей, Қор 2016 жылды оңтайлы қаржылық нәтижемен аяқтады. Атап айтқанда, акционер үлесіндегі шоғырланған таза пайда өткен жылдың қорытындысы бойынша 455 млрд теңгені құрады, бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 292 млрд теңгеге немесе 1,8 есе артық.
Нұр-Сұлтан23 Мамыр , 18:46

«Шоғырланған таза пайда өткен жылдың қорытындысы бойынша 455 млрд теңгені құрады, бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 292 млрд теңгеге немесе 1,8 есе артық. Мұндай нәтижеге қол жеткізу табыстарды ұлғайту мен шығындарды жүйелі түрде азайту есебінен мүмкін болды. Ал Қордың стратегиялық көрсеткіші болып табылатын таза активтердің құны 6,8 трлн теңгеден асып, 2015 жылдағыдан 7% өсті. Меншікті капиталдың тиімділігі 2015 жылы 3,3% құраса, 2016 жылдың соңында 5,5% жетті», - деді Ө.Шүкеев Мәжілісте депуттар алдында сөз сөйлей отырып.

Сонымен қатар, Мәжіліс депутаттары «Самұрық-Қазына»АҚ активтерін жекешелендіру бағдарламасы туралы хабардар болды, 2016 жылдың қорытындысы бойынша Қор мемлекеттік бюджеттің табыс бөлігін салық пен өзге де төлем түрінде 610 млрд теңгеге арттырды. Девидендтер мен акционердің өзгеде төлемдері 57 млрд теңгені құрады.

«Компания  активтерін жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыру барысында Қор тобының 215 нысаны бәсекелестік ортаға тапсырылады. Бүгінде Экономиканы модернизациялау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия 151 активті сату тәсілдерін бекітті, оның ішінде 132-і Қор құрамынан шығарылды. Қазіргі таңда Қор Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында сатылуға тиісті өзге активтер бойынша даярлық жүмыстарын жүргізуде», - деп атап өтті Ө.Шүкеев.

Сонымен қатар ол «Самұрық-Қазына» корпоративтік орталығын трансформациялау үрдісі аяқталуға жақын екенін тілге тиек етті. Қор өз активтерін Директорлар кеңестері арқылы және қызметтің негізгі көрсеткіштеріне сүйеніп басқаратын стратегиялық холдинг/белсенді инвестор ретінде жұмыс істейді.

«Жалпы 2014 жылы бастау алған трансформация бағдарламасының нәтижесінде бүгінде 6 ұлттық компания – Қазақстан темір жолы, ҚазМұнайГаз, Қазатомөнеркәсіп, Самұрық-Энерго, KEGOC және Қазпошта 130-дан аса трансформация жобасын жүзеге асырады. Жалпы Қор компаниялар тобында трансформация жобаларынан түсетін экономикалық пайданың жиынтық көлемі 1 трлн теңгеден асады деп күтілуде», - деп түйді Ө.Шүкеев.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика