Үкімет

Қазақстанда азық-түлік бағасы индексінің болжамы әзірленді

Премьер-Министр орынбасары Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметовтің төрағалығымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру мәселесі бойынша бейнеконференция байланыс режимінде жиналыс өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Астана қаласы 23 Мамыр, 19:54

Айта кетейік, 2012 жылы Үкіметпен бағаның негізсіз өсуіне және алып-сатарлыққа жол бермеуге және маусымдық ауытқуды деңгейлестіруге бағытталған азық-түлік нарығын реттеу бойынша шаралар қабылданғанын, сондай-ақ азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорлары құрылғанын атап өткен жөн. АҚ «Продкорпорация» арқылы 17,1 млрд. теңге көлемінде әлеуметтік-жеке кәсіпкерлік корпорациялар қаржыландырылды.

Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы,Экономика министрлігі Алматы, Астана және облыс әкімдіктері бірлесіп әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасының көтерілуіне жол бермеу туралы Меморандум жасасқан болатын.

Жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттыру мақсатында 2017 жылдың әр айына арналған тұтынушы баға индексі әзірленді.

Бүгінгі күні Алматы және Астана қалалары, облыс әкімдіктерінің мәліметтері бойынша 2016 жылдың басынан 2017 жылдың 25 сәуіріне дейінгі кезеңде тұрақтандыру қорларына 22 мың тонна азық-түлік тауарлары сатып алынды.

Қаңтар айынан бастап 16 мамыр аралығында кейбір азық-түлік тауарларының бағасы төмендеген байқалады: тауық жұмыртқасы  18,6%, қарақұмық жармасы -  10,3%, қант - 6,8%, күнбағыс майы - 5,8%.

Қор көлемі жалпы қор көлемінің 1 сұрыпты  ұнға (35,4 %), қантқа (28,8 %), күнбағыс майына (10,9 %), күрішке (5,6 %), картопқа (5,3 %), қарақұмыққа (4,2 %), макаронға (3,4 %), сәбізге (2,2 %), қырыққабатқа  (1,8 %) келеді.

Премьер-Министр орынбасарымен жиналыстың қорытындысы бойынша облыс әкімдіктеріне тұрақтандыру қорларының жұмысын белсендіру және азық-түлік тауарларын өткізуде және  сатып алуда ӘКК жәрдем көрсету бойынша тапсырма берілді. 





Яндекс.Метрика