ҚР Президентінің Жолдауы

Қазақ әліпбиінің латын әрпіне көшуі орыс тілінің құқығын тежемейді – А.Васильев

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінде «Қазақстандық қоғамды жаңғыртудағы этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы өтті, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.
Әлемде24 Мамыр , 08:47

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесші-елшісі Марат Сыздықов кездесудің ашылуында сөз сөйлеп, Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық сананы жаңғырту бойынша бастамасын посткеңестік елдердің ішінде алғаш қолға алынып отырған тәжірибе екенін атады.

Сарапшылар қазақ әліпбиінің латын әрпіне көшуі орыс тілінің құқығын тежейді дегенге келіспейді.

«Бұл Батыстың немесе Түркияның ығына жығылу емес, ең алдымен қазақ тілін нығайту құралы. Орыс тілі латын әрпіне көші процесі кезінде де Қазақстанның экономикалық және мәдени жетістіктерін әлемдік дәрежеге шығаруда пайдаланыла беретін болады » - деді А. Васильев. 

Кездесу барысында қоғамдық сананы нығайту саласындағы заманауи процесстердің түрлі аспектілері жан-жақты талқыланды. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясы қазіргі кезеңдегі Қазақстанда жүріп жатқан трансформациялық үрдіс барысында маңызды рөл атқаруы тиіс екендігі баса айтылды.

Сарапшылардың басым бөлігі Қазақстандағы қоғамдық сананы жаңғырту үшін елде жүргізіліп отырған этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделі ерекше маңызға ие екенін атады.




Яндекс.Метрика