АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

Шегірткеге қарсы шараларға 1,5 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді

Шегіртке тектес зиянкестерге қарсы іс-шараларды жүргізу үшін республикалық бюджеттен 1 538,5 млн.теңге қаражат бөлінді, бұл қажетті пестицидтерді, оларды сақтау, тасымалдау және қолдану жөніндегі қызмет көрсетулерді сатып алуға мүмкіндік берді. Жалпы, елімізде 2017 жылы үйірлі шегіртке тектес зиянкестерге қарсы жүргізілген іс-шаралар барысы туралы ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Ержан Айнабеков ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында кеңінен айтып берді.
Астана қаласы23 Мамыр , 16:48

«2017 жылы үйірлі шегіртке тектес зиянкестердің таралуы 1 570,7 мың гектар алаңда болжамдалуда, оның ішінде, италияндық прус  951,6 мың гектар, азиялық шегіртке  298,4 мың гектар, мароккалық шегіртке  320,7 мың гектар.Шегіртке тектес зиянкестерге қарсы іс-шараларды жүргізу үшін республикалық бюджеттен 1 538,5 млн.теңге қаражат бөлінді, бұл қажетті пестицидтерді, оларды сақтау, тасымалдау және қолдану жөніндегі қызмет көрсетулерді сатып алуға мүмкіндік береді.Бүгінгі күні пестицидтер барлық өңірлерге жеткізілді және химиялық өңдеу жөніндегі қызмет көрсетушілер анықталды», - деп хабарлады ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Ержан Айнабеков.

Е. Айнабеков атап өткендей, өткен жылдан бастап марокко шегірткесіне қарсы химиялық өңдеулер Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында жүргізілуде.  Ол үшін ағымдағы жылы министрлік тазарту алаңы мен тениканың және қаржы көлемін арттырды.

«2017 жылы мониторингтік жұмыстарды жүргізу үшін мемлекеттік мекемеге 448 автокөлікті жалға алуға және 437 тексерушілерді жұмылдыруға қаражаттар бөлінді. Штаттағы жұмыскерлерді қоса алғанда тексеру жұмыстарына барлығы 1184 адам және 617 автокөлік қатысатын болады. Оған қоса қажет болған жағдайда Қазақстанның жол картасы бағдарламасы бойынша жұмысқа орналастыру орталықтарынан қосымша тексерушілер тартылады», - деді спикер.

Мониторингтік тексерулер және химиялық өңдеулер жалғасуда. Басқа облыстарда олардың қоныстану орындарын анықтағаннан кейін үйірлі шегірткелерге қарсы өңдеулер басталады.

Ақбота Күзекбай


 




Яндекс.Метрика