ҚР Президентінің Жолдауы

Қазақстан елшісі нидерландтықтармен аграрлық саладағы ынтымақтастық мүмкіндігін атап өтті

Гаага қаласында беделді «Sociëteit De Witte» саяси клубында «Қазақстанның үшінші жаңғыруы – ғаламдық бәсекеге қабілеттік» атты Мемлекет Басшысының Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясындағы мақсат-міндеттерді түсіндіруге арналған «дөңгелек үстел» өтті, деп хабарлады СІМ-нің баспасөз қызметі.
Әлемде 23 Мамыр, 19:35

Іс-шара Қазақстанның Гаагадағы Елшілігі мен Нидерландтағы саяси және іскерлік топтар арасында беделді «Sociëteit De Witte» клубымен ұйымдастырылды.

Ағымдағы өзекті саяси және әлеуметтік-экономикалық процесстерді назарға ала отырып, Қазақстанның Нидерландтағы Елшісі Мағжан Ілиясов «дөңгелек үстелге» қатысушыларды елдегі жүзеге асырылу үстіндегі реформалардың басымдықтары мен мақсаттары туралы толыққанды таныстырып өтті.

Елші М.Ілиясов Қазақстан-Нидерланд ынтымақтастығын сапалы түрде нығайтуға мүмкіндік ашып отырған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы – ғаламдық бәсекеге қабілеттік» бағдарламасын іске асыру үрдісін айрықша белгілеп өтті. Атап айтқанда, арнайы жасалған презентациядағы басым назар ауылшаруашылығы, IT-технологиялар, көлік-логистика, 3D-принтинг салаларындағы екіжақты іс-әрекеттесуді өрбіту мүмкіндіктеріне арналды.

Қазақстанның бастамаларын жылжытуға қолайлы мүмкіндік болған «дөңгелек үстелге» қатысушылар ҚР Үкіметінің шетелдік инвесторларға жасалған құқықтық кепілдер, жеңілдіктер мен преференциялар жасау, шетелдік капиталы бар кәсіпорындардың жұмысын ынталандыруға бағытталған әрекеттерін жоғары бағалады. Пікір алмасу аясында Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері атап өтіліп, рухани жаңғыру жолында жүзеге асырылу үстіндегі мемлекеттік реформалар оң бағаға ие болды.       

Атап өтетін жайт, бір топ іс-шараға қатысушылар ү.ж. маусымда Нидерланд Экономика министрі Хенк Камп бастаған сауда миссиясы құрамында Астанаға сапармен баруды жоспарлауда. Сапар III-і Қазақстан-Нидерланд Іскерлік кеңесінің отырысына және «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі Нидерланд күніне арналып отыр (22 маусым).





Яндекс.Метрика