Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

Қ. Келімбетов: Екінші дәрежедегі банктер 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін берешектерді 10 пайызға дейін қысқарту қажет

2016 жылдың 1 қаңтарына дейін екінші дәрежелі банктер қарызды 10 пайызға дейін қысқарту қажет. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов мәлімдеді.
Астана қаласы23 Желтоксан , 17:49

« 18 желтоқсан күні ҚР Ұлттық банкінің отырысында біз әрбір банк 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап тиімсіз несиелік қарыздарды қысқарту туралы шешім қабылдадық», - деді Қ. Келімбетов.

Алайда, Ұлттық банк төрағасының айтуынша,  барлық банктер мұндай нормативтік-құқықтық актіге дайын емес. Қ. Келімбетов атап өткендей, кейбір банктер бұл уақыт аралығында қарыздарды қысқартып үлгере алмайды. Оған қарамастан Ұлттық банк 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл үрдісті қатаң қадағалауға алады.

Бұдан бөлек, Қазақстанның Ұлттық банкі тұтынушылық несие бойынша нормативтік-құқықтық актілерге қол қояды. Жалпы, өзгерістер 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіле береді ол 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін жалғасады. 




Яндекс.Метрика