Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Астана бюджеті 13,9%-ға артық орындалды

Қала бюджеті жеке кіріс бойынша 2017 жылдың қаңтар-сәуір аралығында жоспардан 113,9% орындалды. Бұл туралы Астана мәслихатының кезектен тыс сессиясында мәлім болды.
Астана қаласы23 Мамыр , 20:07

489,4 млн теңгеге артығымен орындалды. Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукин нақтыланған бюджет жобасын ұсынды.

«Қала бюджеті жеке кіріс бойынша осы жылдың қаңтар-сәуір айларында жоспардан 113,9%-ға орындалды. Осыған орай елорда бюджетінің кіріс бөлігін 9 млрд 187 млн теңгеге ұлғайту және 15 млрд. теңге сомасында мемлекеттік құнды қағаздарды пайдалану ұсынылды», - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, қосымша қаражат Талдыкөлдегі ағынды суды жою үшін және шағын Талдыкөл аумағында жерасты суларын ретке келтіруге қарастырылмақ. Көлік жолдары басқармасына автожолдарды қамтамасыз ету үшін жолақтар салу және жөндеу жүргізу бағытында ақша бөлінеді.




Яндекс.Метрика