EXPO-2017

Астанада ЭКСПО кезінде жаңа автобустар іске қосылады

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу кезінде ЭКСПО көрме орталығы арқылы қатынайтын 11 қоғамдық көлік 103 жаңа автобуспен толығатынын хабарлады, Астана әкімдігінің медиа орталығы.
Нұр-Сұлтан23 Мамыр , 20:47

Қала әкімдігіндегі брифингте бұл шаралар автобустар арасындағы қозғалыс интервалын 10-15 минуттан 5-7 минутқа дейін қысқартатыны айтылды.

Бұдан бөлек, бұл қоғамдық көліктің күнделікті тасымалдау мүмкіндігін 150 мыңнан 260 мың адамға дейін арттырады. 

«Бұл бағыттарда Iveco Urbanway маркалы 167 автобус қатынайды. Маршруттар аялдамалар санының аздығымен ерекшеленеді. (орташа 8)Shuttle Bus тік бағыттар бойынша жүреді және адам көп жиналатын жерлерге ғана тоқтайды. Күнделікті тасымалдау қабілеттілігі - 80 мың сапар. Жолақы құны – 150 теңге болады», - делінген хабарламада.

 




Яндекс.Метрика