Халықаралық интеграция

Женевадағы ДДСА-ның 70-сессиясы аясында ҚР Денсаулық сақтау минстрі бірқатар кездесулер өткізеді

Женевада (Швейцария) өз жұмысын бастаған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 70-сессиясы шеңберінде ҚР Денсаулық сақтау минстрі Елжан Біртанов бірқатар алыс және жақын шетелдердің министрлерімен кездеседі.
Әлемде23 Мамыр , 18:23

«Олар Ресей Федерацияның, Беларусь Республикасының, Өзбекстанның, Қырғызстанның, Иранның және басқа да елдердің денсаулық сақтау министрлері. Кездесулер барысында денсаулық сақтау саласындағы екі жақты ынтымақтастық мәселелері талқыланады», - деп хабарлады ДСМ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі ДДСҰ-ның декларациясының 40 жылдығына арналған халықаралық конференциясын 2018 жылғы қарашада Алматыда өткізу мәселелерін талқылау бойынша ДДСҰ-ның еуропалық өңірлік бюросының директоры Жужанна Якабпен келіссөз жүргізіледі.

Одан басқа, денсаулық сақтау және қоғамдық денсаулық сақтау жүйелері; инфекциялық емес аурулар және бүкіл өмір бойы денсаулықты сақтау; инфекциялық аурулар, төтенше жағдай және халықаралық медициналық-санитариялық ережелер бойынша Еуропалық ДДСҰ дивизион директорларымен кездесулер жоспарлануда.

Қазақстандық делегациясының басшысының Біріккен ұлттар ұйымы балалар қорының (ЮНИСЕФ) Орталық және Шығыс Азия, ТМД елдерінің өңірлік директорымен, сондай-ақ Шығыс Еуропа және Орталық Азия өңірлері  БҰҰ-ның АИТВ/ЖИТС бойынша бас хатшысының Арнайы өкілімен кездесулері өтеді.




Яндекс.Метрика