АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

ОҚО-да Ордабасы қой тұқымының саны 125 мыңға жеткізілмек

Алдағы 4 жылда яғни, 2021 жылға қарай «Ордабасы» қой тұқымының санын 125 мыңға жеткізу жоспарланып отыр, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Оңтүстік Қазақстан23 Мамыр , 17:04

Ол үшін арнайы бағдарламада жасалып жатыр.

Бүгінде бәсекеге қабілетті Ордабасы қой тұқымы ауыл шаруашылық өндірісіне кеңінен ендірілген, оның жалпы саны 75 мың бастан асса, ал таза тұқымдыларының саны 36 мыңнан астам басты құрап отыр.

Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойы мен еділбай тұқымы және шетелдік - гиссар тұқымы тектік қоры негізінде ордабасы қой тұқымы жасалды.

Бұл қойдың кәдуілгі қойдан ерекшелігінің бірі тірідей салмағының жоғарлығында екен. Мәселен, аналықтар 72-85 кг болса, қошқарлар 103,5-123 келіге дейін болады.

Сонымен қатар, жастөлдердің тез өсімділігімен ерекшеленеді. Яғни, 4 айлық еркек қозылар етке өткізуде 42-45 кг салмақ тартып, сойыс шығымдылығы 52% құрайды. Мұнымен қоса оның ерекшелігі етті және етті-майлы бағыттағы әлемдік қой тұқымдарымен бәсекелестігінде.

Айта кетейік, қой және қозы етін өндірудің тиімділігі орта есеппен 88,5%-ды құрайды. Осы мақсатта жаңа тұқымның 12 385 асыл тұқымды мал басы 125 қой шаруашылығын жүргізетін субъектілерге сатылды және Қазақстанның әртүрлі аймақтарында өсірілуде.

Осы ретте, «Сералы» шаруа қожалығы жыл сайын Ордабасы қой тұқымының 1000 басын Қазақстанның әртүрлі аймақтарына жіберіп отыратытын атап өткен жөн.




Яндекс.Метрика