EXPO-2017

Алматыдан Астанаға қатынайтын қосымша бағыттар ашылды

Алматыдан Астанаға қатынайтын қосымша бағыттар ашылды, деп хабарлады Алматы әкімдігі.
Алматы қаласы23 Мамыр , 16:43

Алматыда «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылуы қарсаңында Астанаға қатынайтын қосымша  әуе, теміржол, автобус рейстері ашылды. Оған себеп- екі қала арасындағы жолушы легінің 30% -ға (4 832 адамнан 6 000 адамға дейін) артуы.

«1100 адамға қызмет көрсететін күнсайынғы 13 ұшу бағытына 300 жолаушы орны бар тағы да қосымша  4 рейс қосылды. Күнсайын  еліміздің бас қаласына  баратын поезға 408 орынды тағы бір вагон  жалғанды», - деп хабарлады әкімдік.

Бұлардан өзге, күнара қатынайтын бағытқа қосымша состав бөлінді, соның арқасында жолаушы саны 512  адамға артты Күнсайын жүретін автобус  рейстері 2- ден 6-ға көбейді, бұрыннан бар 110 орынға  тағы да 300  орын қосылды.

 

 

 




Яндекс.Метрика