Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Жоғары оқу орындарына басқару еркіндігін беру: ЖОО дербестігі жайында (ШОЛУ)

Ұлт жоспарының 78-қадамын іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының академиялық басқару дербестігін кеңейтуге бағытталған Заң жобасын әзірледі. Осыған байланысты, еліміздің жоғары оқу орындарына білім берудің барлық деңгейлері бойынша білім беру стандарттары мен талаптарын өз бетінше әзірлеу құзыреті беріледі. Қазақстанның жоғары оқу орындарына тағы қандай артықшылықтар беріледі және Қазақстанның жоғары білім беру жүйесін жақсарту бойынша ЭЫДҰ-ның қандай халықаралық ұсынымдарын ескеру керек, осы жайында Strateggy2050.kz АА тілшісінің шолуынан оқыңыз.
Астана қаласы23 Мамыр , 14:32

Жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігі тақырыбы бойынша біз ҚР Білім және ғылым министрлігінің ақпаратын, сондай-ақ ЭЫДҰ деректерін жинадық, олар Назарбаев Университетінің тәжірибесі ескеріле отырып, жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кезең-кезеңмен кеңейту нені білдіретіні жайында түсінік береді.  

 Бұрын осы артықшылықтарға тек ұлттық Жоо-лар ғана ие болған, енді Қазақстанның жеке меншік Жоо-ларын қоса алғанда барлығы ие болады. Атап айтқанда, жоо-ларға студенттерді қабылдау тәртібін анықтау және білім беру бағдарламалары бөлінісіндегі контингентті, білім беру бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын, жоо мен қызметкерлер штатын, жұмысқа қабылдау тәртібін қалыптастыру құқығын беру көзделген.  

 

Ағымдағы жылғы 25 сәуірде үкімет сағатында сөз сөйлеген ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің хабарлауынша, ұлттық жоо-лардың рөлі одан әрі кеңейтіледі, оларға білім берудің барлық деңгейлері бойынша білім беру стандарттары мен талаптарын өз бетінше әзірлеу құзыреті беріледі, бұл шетелде филиалдар құруға, стартап-компаниялар ашуға және жоо-ларға қабылдау тәртібін айқындауға да қатысты.

«Білім беру бағдарламаларын ұлттық біліктілік шеңберіне байланыстыра отырып әзірлеу қағидаты енгізіліп жатыр. Ұлттық біліктілік шеңберлері әзірленгенін білесіздер. Енді ұлттық біліктілік шеңбері біліктілік және оқыту нәтижелерін айқындайды. Олар кәсіптік одақпен келісіліп, Ұлттық біліктілік шеңберінде (ҰБШ), Салалық біліктілік шеңберінде және Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аяқтауға жақындап қалған кәсіптік стандарттарда жазылған. Енді жоо-лар біліктілік пен оқыту нәтижелеріне, өздерінің білім беру бағдарламаларын әзірлеу еркіндігіне ие бола отырып, әр түрлі жоо-лардың білім беру бағдарламалары арасында бәсекелестікті бастайды», - деп атап өткен болатын министр.

Бүгінгі таңда ҚР БҒМ білім беру бағдарламаларының тізілімі мен рейтингін жүргізуде және ол жерден нарықта талап етілмейтін және әлсіз бағдарламаларды алып тастайды. 

«Біз бәсекелестікті күшейтіп, әлсіз білім беру бағдарламаларын үздіктердің деңгейімен теңестіреміз және жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының талап етілуін қадағалап отырамыз. Сәйкесінше, лицензиялау да ауысады. Егер бұрын мамандықтар лицензияланса, енді даярлау бағыттары лицензияланады, олардың ішінде білім беру бағдарламалары тізілімге енгізілуі тиіс. Бұл әлемдік практика және жоо-ларға академиялық еркіндік берудің базалық қағидаты. Кадрларды даярлаудың мұндай механизмі түлектердің халықаралық мобильдігіне де ықпал етеді. Осы мақсатта бүгінде жоғары оқу орындары өздерінің білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредиттеу агенттіктерінде аккредиттеген. Осының барлығы бір логикалық көрініс табуда», - деген болатын Ерлан Сағадиев үкімет сағатында (2017 жылғы 25 сәуірде).

Сонымен қатар, студентерге екі бағыттар бойынша бір реттік жеке оқу ізін құру құқығы беріледі: major (пәнді тереңінен меңгеру) және minor (пәнді қосымша меңгеру).

Пәнді қосымша меңгеру minor , мысалы, физика студенттері өз білімдерін құқықтану, ал экономистер АКТ (ақпараттық коммуникация технологиясы), құқық немесе маркетингті меңгеру арқылы өз білімін жетілдіре алады. Бұл халықаралық тәжірибе және ол пәнаралық білім беруді жаппай енгізуге мүмкіндік береді.

Министрліктен атап өткендей, бұл қазіргі таңда педагогикалық мамандықтар  бойынша тәжірибе жүзінде бар. Сонымен қатар, бұл барлық мамандықтарға кең ауқымда таралатын болады. 

ЭЫДҰ  халықаралық ұйым, ол 35 мүше мемлекетті біріктіреді, тәжірибе алмасуға және түрлі салалардағы ортақ проблемалардың шешімін табуға мүмкіндік беретін мемлекеттік басқару алаңы болып табылады.

ЭЫДҰ білім беру және дағды директораты Томас Веко  өз ұсынысын академиялық кеңейту және оқу орындарының өзін-өзі басқару бойынша халықаралық стандарттар мен өз ұсыныстарын атап өтті. 

Ол білім беру саласындағы миссиялардың сан алуандылығын қарастыруды ұсынып отыр. Мысалы, оқу орындарының  3 түрлі классификациясын енгізу ұсынылуда: педагогикалық, зерттеу және тәжірибелік  бейімделген.  Ал, қаржыландыру мәселесі білім беру мен ғылым саласында ең маңызды мәселе болып қала беруде. Айта кетерлік жайт,  ғылым мен инновация саласындағы оң өзгерістер гранттық қаржыландырудың жаңа түрлерінің пайда болуында және Н.Назарбаев Университеті мен ұлттық оқу орындарындағы қаржыландыру көлемінің артуында. 

.    

«Осы ретте, өзге білімді тұтыну мен индустрия секторы үшін стратегиялық маңызды салаларда  алдыңғы қатарлы  зерттеулердің кең базасын жасақтау керек. 2021 жылға дейін бес жыл бойы ғылым мен зерттеу жұмыстарын инвестициялау көлемін - ЖІӨ 1% дейін арттыру керек», - деп кеңес береді сарапшы.

Қазақстандық оқу орындарға институционалды деңгейде білім беру міндетін бөлуде нақты және ашық саясат жүргізу керек және жұмыс жүктемесінің теңдей бөлінуін қамтамасыз еткені жөн.

ЭЫДҰ доктарантура мен PhD  дәрежесін алғаннан кейін мансабтың өсуін қарастыратын ҚР БҒМ арнайы мақсатты топты құруды  және PhD  дәрежесін беру саясатын қайта қарауды, доктарантурадан кейінгі бағдарламаны енгізуді ұсынды. 

Бүгінде ммелекеттік шығынның басым үлесі 2 бастамаға жұмсалуда: Назарбаев Университеті мен  «Болашақ» халықаралық стипендиясы.

ЭЫДМ білім беру мен дағды сарапшыларының айтуынша, еліміздегі оқу орындарындағы қыржы шығынын қадағылау шектен тыс нәтижесіз. Осы ретте, мемлекеттік бәсекеге қабілеттілік көрсеткішіне сәйкес жоғарғы оқу орындарындағы мемлекеттік қаржыландыру көлемін арттыру ұсынылды.

Мемлекеттік гранттың  жүйесін өзгерту мен қайта бағалау  өте маңызды.  Гранттарды абитуриенттердің материалдық жағдайын ескере отырып бөліп, ауқатты  отбасылардың балаларын шеттету қажет. Бұл халықаралық стандартқа сай үрдіс.

ЖОО-лар дербестігінің маңызды элементі  оларға қаржылық бақылау деңгейін азайту болып табылады.

Оған қоса, аудит алдына емес, аудиттен кейінгіге  өте үлкен мән беру керек. ЖОО-ларға  өндірістік  жұмысты ынталандыру мен  қаржылай икемділікті  нығайтуды ұстап тұруға мүмкіндік беру керек, деп есептейді сарапшылар.

 ЭЫДҰ әдістері мен білім беру жөніндегі  директораттың  ақпараты бойынша  ҚР БҒМ институционалдық   дербестікті  енгізу мақсатында  білім беру бағдарламаларына бақылау мен бақылаушы кеңестерді іске қосты.  Алайда, шешілмеген  4 проблема бар:

-  ЖОО-ларды қаржыландыру саласындағы  аса көп бақылау;

- Шектеулі академиялық дербестік  ЖОО-дағы  шығармашылықты, бастамашылдықты,  жауапкершілікті   төмендетеді;

- ЖОО-лардың әлсіз ұйымдастыру  дербестігі.

ЭЫДҰ басқару икемділігі мен орталықсыздандыруды  кеңейту үшін институционалдық  басқаруды күшейтуді ұсынады.

Оған қоса, мемлекеттік ЖОО-ларда  құқықпен жұмыс істейтін  корпоративтік  органдар құру ұсынылды:

-ЖОО ректорын таңдау,

-ЖОО-ның жалпы жұмыстарын басқару,

- ЖОО нәтижелігі мен дамуын қолдау.

 

Халықаралық талаптарға сәйкес,  жоғары білім берудегі  жеке және мемлекеттік мақсаттарды  нақты анықтау өте маңызды, әрбір секторда  өзіндік саяси идеяға сай басқару әдістерін жүзеге асырған жөн.

ЖОО-ларға  еркін басқаруды ұсынып, жеке ЖОО-лардың жұмысына араласпаған жөн.

Қазақстанда 130-ға жуық ЖОО бар.  ЖОО  бітіріп кеткен кадрдың біліктігіне өзі жауап беруі керек. Еркін басқару нәтижесінде барлық жоғары орындар  заманауи  жағдайда  өз қаражатын біліктілікті арттыру,  жаңа қондырғыларды сатып алу, шетелдік оқытушыларды  шақыртуға жұмсауы керек.

Ақбота Күзекбай

Сурет ашық дреккөздерден алынды 

 




Яндекс.Метрика