Ұлт денсаулығы - табысты болашағымыздың негізі

ҚР-да ЖРВИ мен тұмауға шалдығу деңгейі 26,9%-ға азайды – ДСМ

Елімізде өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда биыл жедел респираторлы вирустық инфекция ауруы мен тұмауға шалдығу деңгейі 26,9%-ға азайды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан23 Желтоксан , 17:57

ҚР ДСМ мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасындағы жедел респираторлы вирустық инфекция ауруы мен тұмауға шалдығудың эпидемиологиялық жағдайы қалыпты.

«Жедел респираторлы вирустық инфекция ауруы мен тұмауға шалдығу деңгейі өткен жылдың осындай уақытымен салыстырғанда 26,9%-ға азайған. Шектен шыққан бақылау деңгейі тіркелмеген. Эпидемиологиялық маусым басынан бері ЖРВИ жағдайының 200,6 мың оқиғасы тіркелген. Ал 1 жасқа дейінгі балалардың үлесі 23,3 мың болса, аяғы ауыр әйелдер 3,3 мыңға жеткен», - делінген хабарламада.

«А» типтік маусымдық тұмаудың 9 лабораториялық нақтыланған жағдайы тіркелген.

Сонымен қатар, республикада 1,3 млн адам тұмауға қарсы егілсе, соның ішінде жергілікті бюджет есебінен 971,7 мың адам, жұмыс берушілер тарапынан 301,2 мың ал ақылы түрде 69,7 мың адам егілген.

ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу бойынша кешенді жұмыс жалғасын табады. Әсіресе, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен балаларға баса мән берілмек.

Бұдан бөлек алдын алу шаралары мен медициналық ұйымдардың кешенді жұмыстары күшейтілмек.




Яндекс.Метрика