Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Премьер-Министр жеке куәлік құжаттарын бір күннің ішінде беруді тапсырды

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында ҚР ішкі істер министрлігіне Мемлекеттік корпорациямен бірлесіп жеке куәлік құжаттарын Алматы, Астана, Ақтөбе және Шымкент қалаларында бір күннің ішінде және қалған өңірлерде жеті күннің ішінде беруді қамтамасыз етуді тапсырды.
Нұр-Сұлтан23 Мамыр , 12:51

Бақытжан Сағынтаев халықтан электронды растау анықтамаларын ұсыну талаптарын шектеу үшін екінші деңгейлі банктердің, сонымен қоса мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің өзара байланысын ұйымдастыру шараларын қабылдауды тапсырды.

Сонымен қатар ҚР Премьер-Министрі Үкімет мүшелерінің назарын 1 шілдеден бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілетініне, бұл азаматтардың Мемлекеттік корпорация немесе электронды тәсіл арқылы тіркелуін және мәртебесін растауын талап ететіндігіне аударды. 

Б. Сағынтаев қыста азаматтарды уақытша тіркеу кезінде орын алған жағдайдың қайталануына жол бермеуді және халықты дүрліктірмеуді тапсырды, деп хабарлады primeminister.kz.

Осыған орай, жауапты министрліктерге Мемлекеттік корпорациямен бірлесіп азаматтардың аталған қызметті алу үдерісін жеңілдету шараларын қабылдау тапсырылды.




Яндекс.Метрика