Үкімет

Үкіметте мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыру мәселелері талқыланды

Үкімет отырысында жаңа технологияларды енгізу арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыру үдерісі қаралды, деп хабарлады primeminister.kz.
Астана қаласы23 Мамыр , 12:40

«Мемлекеттік қызмет көрсетуді дамытудың келесі кезеңі «проактивті» формат болады. Мысалға, электронды жүйе төленбеген айыппұлдарды өтеу қажеттілігі немесе тұрғылықты жері бойынша тіркеуді ұзарту қажеттілігі туралы автоматты түрде хабарландырады. Смс-хабарландыруларды алу үшін «Мобильді үкіметте» тіркелу қажет», - деді   «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы А. Оспанов.

Сондай-ақ, тұрақты түрде мемлекеттік қызметтерді алу арналарын кеңейту бойынша жұмыс жүргізілуде. Қазіргі уақытта азаматтар Бірыңғай байланыс орталығы, Мемлекеттік корпорация бөлімшелері, eGov, мобильді қосымша және SMS-хабарлама арқылы мемлекеттік қызметті алуға тапсырыс бере алады. Өз кезегінде, дайын нәтижені курьер, тәуліктік постаматтар және SMS-хабарламалар, немесе электронды пошта арқылы алуға болады.

Бұдан бөлек, нақты балабақшаны таңдау мүмкіндігімен балабақшаларға кезек бөлуді автоматтандыру жоспарланған және жер телімдерін бірыңғай, ашық электронды алаңда сатуды ұйымдастыру мүмкіндігі қарастырылуда, бұл жер телімдерін сатып алу мен бөлу рәсімінің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 




Яндекс.Метрика