Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Алматыда «Сәтті қадам» жалпықалалық бос жұмыс орын жәрмеңкесі өтеді

Алматыда 25 мамырда 100-ден астам ірі жұмыс берушілердің қатысуымен «Сәтті қадам» жалпықалалық бос жұмыс орын жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады шаһар әкімдігі.
Алматы қаласы23 Мамыр , 15:06

Білім беру мекемелерінің түлектеріне және жастарға 5 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылады.

«Жәрмеңкенің мақсаты білім беру мекемелерінің түлектері мен жастарды тікелей жұмыс берушімен кездестіре отырып жұмысқа орнадласуына көмектесу», делінген хабарламада.

Сонымен қатар, жәрмеңкеде халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша кеңес беріледі.

Бұдан басқа, түйіндеме жазу мен жұмыс берушімен сұхбаттасудан өту бойынша треннигтер ұйымдастырылады. 




Яндекс.Метрика