EXPO-2017

ЭКСПО-2017 кезеңінде бірыңғай Байланыс орталығы жұмыс істейді

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы және «Казақтелеком» АҚ ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің жұмысы бойынша бірыңғай Байланыс орталығын іске қосты, деп хабарлады Ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан23 Мамыр , 14:44

Байланыс орталығы дер кезінде және үздіксіз қызмет көрсету мақсатында, сондай-ақ ЭКСПО-2017 көрмесінің барлық клиенттік топтарының өтініштерін қабылдау үшін ұйымдастырылған.

«Байланыс орталығы тәулік бойы, үзіліссіз, мына нөмірлер 1440 және 8 800 080 2017 бойынша жұмыс істейді. Байланыс орталығына Қазақстан Республикасының аумағындағы ұялы байланыс абоненттері үшін және стационарлық телефондардан қоңырау шалу тегін. 120 оператор қоңырау шалушыларға қазақ, орыс, ағылшын және француз тілдерінде қызмет көрсетеді», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, байланыс орталығы Facebook (@contactcenter.expo2017), Twitter (аккаунт #c_center_expo) әлеуметтік желілері, сондай-ақ Telegram (@ContactCenterEXPO2017Bot) мессенджері және 1440@expo2017astana.com электронды мекенжайы арқылы өтініштерді қабылдайды. Әлеуметтік желілер және ЭКСПО-2017 сайтымен бірлесу операторларға барлық сауалдар бойынша бір терезеде жұмыс істеу мүмкіндігін береді.Байланыс орталығы 2017 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жұмыс істейді.

 




Яндекс.Метрика