Үкімет

«Азаматтарға арналған үкімет» электронды үкімет порталынан ЭЦҚ қолданбай анықтама алу жұмысын күшейтеді

««Азаматтарға арналған үкімет» электронды үкімет порталынан ЭЦҚ қолданбай анықтама алу жұмысын күшейтеді, деп хабарлады primeminister.kz.
Астана қаласы 23 Мамыр, 11:35

 ««Азаматтарға арналған үкіметтің» еліміз бойынша 350-ге жуық кеңсесі барын баяндады. Жыл сайын 200 мыңнан астам қызметкер «бір терезе» қағидаты бойынша 40 млн-нан астам қызмет көрсетеді», - деді  ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.

Мемлекеттік корпорация клиенттерге бағдарлануды арттыруға бағытталған жаңа тәсілдер мен құралдарды жиі енгізеді.

«Мысалы, жыл басынан бері құжаттың әзір болғаны туралы хабардар ететін sms-хабарлама, telegram-бот, дайын құжаттарды үйге дейін жеткізу, электронды үкімет порталынан ЭЦҚ қолданбай анықтама алу, Астана және Алматы қалаларындағы ХҚКО-тарын тегін wi-fi-мен қамту тәрізді сервистер іске қосылды», - деді министр. 

Алыс елді мекендердің тұрғындарына қызмет көрсету үшін 70 мобильді ХҚКО жұмыс істейді, олар жылына 13 мыңнан астам рет шалғайға шығады. Желісі Қазақстандағы елді мекендердің басым бөлігінде жұмыс істейтін «Қазпошта»-мен бірлесіп ұлттық пошта операторының кеңселерінде мемлекеттік қызметті ұсыну бойынша жоба жүзеге асырылып жатыр. 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мүмкіндігі шектелуі адамдарды кедергісіз ортамен қамтуға ерекше көңіл бөледі. Биыл есту және сөйлеу қабілеті бұзылған жандарға арналған онлайн-сурдоаударма сервисі іске қосылды. Корпорацияның кеңселерінде арбаға таңылған мүгедектер үшін пандустар мен шақыру түймелері, Брайль мәтінімен жазылған ақпараттық тақталар, нашар көретіндерге арналған тактильді жолдар бар. Сонымен қатар І және ІІ топтардағы мүгедектер үйде отырып та «Азаматтарға арналған үкімет» қызметтерін ала алады.     

 

 

 

 





Яндекс.Метрика