Білім беру

Жамбыл облысында балаларды сауықтыруға 316 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді

Жамбыл облысында балаларды сауықтыруға жергілікті бюджеттен 315 млн. 208 мың теңге бөлінді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы Сұлушаш Құрманбекова хабарлады.
Жамбыл23 Мамыр , 12:03

Облыстық білім басқармасы балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысының, сауықтырылуын және еңбекпен қамтылуын сапалы ұйымдастыру мақсатында жазғы демалыс кезіндегі барлық іс-шараларға 1-10 сыныптарда оқитын 196 566 оқушыны толық қамту жоспарланып отыр.

«Қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагерьлерінде 1-10 сынып оқушыларының 4% қамту жоспарланып отыр», - деді спикер.

Ағымдағы жылы облыста сауықтыру лагерьлерінде демалатын жекелеген санаттағы балалардың қамтылуы 100%-ды құрайтын болады (60451 оқушы), (2016 жылы –99,9%).

Балалардың жазғы демалысы мен сауықтыру іс-шараларына 2016 жылы жергілікті бюджет есебінен 280 млн. 917 мың теңге бөлінсе, 2017 жылғы аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдерінің берген мәліметтері бойынша жергілікті бюджеттен 315 млн. 208 мың теңге бөлінген.

Сондай-ақ, аз қамтылған отбасы тәрбиесіндегі 5691 баланың, 70 дарынды оқушылардың ЭКСПО - 2017 халықаралық көрмесіне қатысуы үшін жергілікті бюджет есебінен 2 млн. 958 мың, облыстық бюджеттен 3 млн. 294 мың теңге қарастырылып отыр.




Яндекс.Метрика