Халықаралық интеграция

Туризм: Мысыр қазақстандықтарға қолжетімді бола түседі (ВИДЕО)

Қазақстаннан Мысырға тікелей туристік рейстер Қазақстанның үш қаласынан ашылады: Алматы, Астана және Атырау. Жаңа рейс демалысқа үнемдеуге мүмкіндік береді. Қазақстандықтардың мүмкіндіктері туралы және олардың таңдаулары жайында «Kazunion» туроператор компаниясының директоры Қуаныш Байтұрсұнов «Strtaegy2050.kz» АА берген сұхбатында мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан 22 Мамыр, 20:28

«Мысырдың ашылуы өзге бағыттардан тұтынушыларды тартып, қазақстандық туристердің таңдауын кеңейте түседі. Мысырдың артықшылығы барлығына мәлім, бұл Қызыл теңіздегі жыл бойғы жағалау демалысы. Әр түрлі экскурсиялық бағдарламалар: пирамидалар, Сфинкс және Луксор. Жаңа рейс демалыста үнемдеуге мүмкіндік береді. Қонақ үйлердің 90 пайызы қазақстандық отбасылардың балаларына тегін демалысты ұсынады. Шарм-эль Шейх әуежайы туристік рейстерге төмен тарифтерді енгізді. Енді Қызыл теңізде 10 күндік демалыс ұшу-қонуды қосқанда, 5 жұлдызды қонақ үйде «Аll inclusive» тамақтану жүйесімен бірге есептегенде 200 мың теңгені құрайтын болады», - деді Қ.Байтұрсұнов.

Сондай-ақ, ол айтып өткендей, қазақстандық туристер қолжетімді баға мен «all inclusive» жүйесін таңдайды. Ол қазақстандықтарға Мысырды таңдауды ұсынды.

«Қазақстанның орналасқан жері бойынша бізге жақын елдер Түркия, БАӘ, Мысыр, әрі қарай Тайланд, Хайнань бұл 7 сағаттық уақытты алады. Отбасымен шыққан адамдарға әрине жол ауыр тиеді. Біз тікелей бара алатын ол біздің сүйікті «all inclusive». Бізде адамдар пассивтік демалысты жақсы көреді, сондықтан туризм теңіз бен құмда демалуға бағытталған. Белсенді демалыстың түрлері аздау кездеседі. Мысырды бағаның төменділігі үшін таңдап жатады. Қазір баға қолайлы кезде демалу керек. Бұл Антальяның баламалы түрі», - деді ол.

Сондай-ақ, компания директоры болашақтағы жоспарымен бөлісті.

«Бізде жоспар өте көп, барлығы туристік нарықтағы жағдайға қатысты болады. Бізде әзірлеп жатқан бағдарлама бойынша қысқы маусымға бірқатар тікелей баратын қалалар қосылды. Мен қазір оларды тізіп айта алмаймын, себебі бәсекелестік бар. Жазғы бағдарлама дайын, оның ішінде Мысыр, Түркия, Әмірліктер, Болгария, Грузия бар», - деді Қ.Байтұрсұнов.

Айта кетейік, Мысыр Араб Республикасының Қазақстандағы елшісі Хайсам Салах Камэль Ибрагим елдегі туризмнің дамуы мен қауіпсіздік деңгейі, туристік саладағы жаңашылдықтар туралы баяндап берді.

Д.Жиенқұлов





Яндекс.Метрика