Парламент

Мәжілісте дуалды оқытуды енгізу мәселелері талқыланды

«Нұр Отан» Партиясының сайлауалды бағдарламасы бағыты бойынша Комиссиясы отырысында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында дуалды оқытуды енгізу мәселелері талқыланды, деп хабарланды Мәжілісте.
Нұр-Сұлтан22 Мамыр , 20:01

Дуалды оқыту шеңберінде ТжКБ ұйымдары, облыстық білім басқармалары, кәсіпорындар және Ұлттық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы арасында үшжақты және төртжақты меморандумдар, ынтымақтастық туралы келісімшарттар жасалды. 2015 жылы 2269 кәсіпорынмен 5211 үш-төртжақты келісімшартқа қол қойылды, оның шеңберінде 2402 арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері, оның ішінде 784-і дуалды оқыту бойынша біліктіліктерін арттырды және тағылымдамадан өтті.

Сонымен қатар 2014 жылдан бері дуалды оқыту жүйесі бойынша Жол картасы 11 басым салалар, 85 мамандық және 145 біліктілік бойынша іске асырылуда. 1872 кәсіпорын Жол картасының қатысушылары болды және 389 ТжКБ ұйымдарымен 22 958 студент кадрларды бірлесе даярлау жөніндегі шартты қабылдады. 

Қазіргі уақытта дуалды оқыту 2433 кәсіпорынның қатысуымен 421 колледжде енгізілді, оған 27187 студент қамтылып отыр. Жалпы техникалық және кәсіптік білім беру контингентінің ішінен 489 мың адам 213 мамандық бойынша (703 біліктілік бойынша), 27,1 мың студент (5,5%) 80 мамандық бойынша (160 біліктілік бойынша) дуалдық оқытумен қамтылған.




Яндекс.Метрика