Халықаралық интеграция

Елші Мысырдағы туристік қызметтің ерекшелігі туралы айтып берді

Мысыр Араб Республикасының Қазақстандағы елшісі Хайсам Салах Камел Ибрахим мемлекеттегі туристік қызметтің ерекшелігі, қауіпсіздігі, сонымен қатар туристік қызметті реттеуде пайдаланылатын заманауи әдістер туралы айтып берді.
Астана қаласы 22 Мамыр, 17:34

2017 жылдың 29 наурызында Берлинде өткен  Туризм бойынша биржаның мәліметі бойынша,  Мысырда туризмді ұйымдастырудың қауіпсіздік деңгейі өте жоғары деңгейде.

«Биржаға 10 мыңға жуық туристік фирмалардың өкілдері қатысты. Жалпы, шамамен 200 мың қатысушы болды. Аталмыш шараның нәтижесі бойынша Мысырдың туристік деңгейі 24 позициядан көрінді, бұл өте жоғары көрсеткіш. 2017 жылдың алғашқы он күндігінде Мысыр туристер саны бойынша  1 орыннан көрінді. Екінші орынды Греция, содан кейін Италия, Испания  және өзгеде мемлекеттер тіркелді», - деп түсіндірді Мысыр елшісі.

Оның айтуынша, Мысырға барған туристердің ағымы 80%-ға артты. Мысалы,  Германия түристерінің төртен бір бөлігі Мысырға барған.  Туристер көптеп келетін мемлекеттердің ішінен Украина екінші орында, сосын Қытай, Англия мен БАӘ, АҚШ және өзгеде елдер.

«Мысырдағы туристік нысандардың мынадай ерекшеліктері бар: курорттық аймақтар алдын ала жоспарланған және соған байланысты курорттық қала болу үшін салынған. Әлемде көбіне бірінші қала тұрғызылады, содан кейін туристік аймаққа айналады. Сонымен қатар, бұл мемлекеттегі туристік қалалар үлкне қалалардан айтарлықтай алыста орналасқан. Сонымен қатар, қаланың алғашқы құрылыс кезеңінде олардың қауіпсіздігі ескерілген. Бұдан басқа, Мысырда туризм тарихи аймақтарды, мәдени және археологиялық орындарды аралау үшін дамытылады», - деп түйді Х. Камел.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада Қазақстанның негізгі қалаларынан Шарм-әл-Шейхке ұшу бағдарламасының ашылуына орай баспасөз конференциясы өтуде.

Салтанат Сұрағанова





Яндекс.Метрика