Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері - әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік

Оңтүстік Қазақстан облысында 2013 жылы 54 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты

Оңтүстік Қазақстан облысында 2013 жылы жұмыспен қамту органдарының араласуымен өтініш берген 66093 адамның 54446-сы жұмысқа орналасты, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Оңтүстік Қазақстан23 Желтоксан , 17:45

«2013 жылдың 1 желтоқсанындағы мәлімет бойынша, жұмыспен қамту органдарының араласуымен өтініш берген 66093 адамның 54446-сы жұмысқа орналасты. Яғни, келгендердің 82,4 пайызы жұмыс екі қолға бір күрек тапқан. Ал қоғамдық ақылы жұмыстарға ресми тіркелген жұмыссыздардың 9433-і тартылған. Ашылған жұмыс орындарының саны 23586 болса, соның 21134-і тұрақты жұмыс орны», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 2013 жылдың басынан бері облыстағы әлеуметтік аз қамтылған азаматтар саны 6432 адам болса, оның өзі 41,1% азайып, 3787 адамды құрады. Бұл облыс халқының 0,1%-ы.

Әлеуметтік көмекке 7744 азамат қол жеткізді. Бұл көрсеткіштің өткен жылы 10263 адамға артық болғаны анық. 18 жасқа дейінгі балалыларға берілетін жәрдемақыға 252,5 мың адам ие болған. Ал тұрғын үй көмегі 7648 отбасына көрсетілді.

Айта кету керек, облыстағы экономикалық белменді халық саны 2013 жылдың үшінші маусымында 1256,5 мыңды құрады. Ал жұмыссыздар саны 69,7 мыңды құрап, 5,5 пайызға жетті.




Яндекс.Метрика