Халықаралық интеграция

ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Астанада халықаралық марафон өтеді

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) жеңіл атлетикадан Астанада халықаралық марафон өткізу туралы келісімге келген, деп хабарлады МСМ баспасөз қызметі.
Астана қаласы22 Мамыр , 20:47

Бұл марафонды құрылғанына биылғы жылы 25 жыл толатын «Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің» (АӨСШК) форумымен бірге өткізу жоспарланған.

« Биылғы жылдың 27 тамызында Астанада «Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің» форумымен бірге марафон өткізу туралы шешім қабылданды. Өздеріңіз білесіздер, ЭКСПО-2017 көрмесі аясында көптеген халықаралық спорттық жарыстар ұйымдастырылады. Сондай маңызды шаралардың бірі Астана халықаралық марафоны деп отырмыз. Марафон – Шанхай ынтымақтастық ұйымының қолдауымен өткізгелі отыр. Бас хатшысы Рашид Алимов мырзамен кездесіп, осындай келісімге келдік. Қытай тарапы бейнеролигінен бастап барлығын түсіріп, халықаралық аренаға тарататын болады. Ол елде бұған дейін мұндай ірі масштабтағы марафон өткен. Сондықтан көрші елдің марафон ұйымдастырудағы тәжірибесі мол. Енді сол тәжірибесін бізбен де бөліспекші», – дейді Е.Қанағатов.

Оның айтуынша, марафон үш қашықтық бойынша өткізіледі. Қатысушылар 10, 42 және ЭКСПО-2017 көрмесінің құрметіне сәйкес 2017 шақырымға жүгіреді. Шетелден 700-1000 мыңдай қатысушы келсе, өзімізден 4000 марафоншы бақ сынайды деп күтілуде.

Өткен жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымы алғаш рет осындай халықаралық марафон ұйымдастырған болатын. Оған ұйымға мүше 4 елден 15,6 мың адам қатысқан. Марафон ұйымның 15 жылдығына байланысты өткізілген еді.




Яндекс.Метрика