Инновациялар

ҚР-да инновациялар мен технологияларды анықтайтын индикаторлар жақсаруда

Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі аясындағы инновацияны дамыту деңгейін анықтайтын негізгі индикаторлар технологиялық дайындық және инноваціиялық әлеует болып табылады. Аталған индикаторлар соңғы жылдары оң динамика көрсетіп отыр. Бұл туралы ҚР ИДМ Технологиялық және инновациялық даму департаменті директорының орынбасары Несіпгүл Есембаева ведомство ұйымдастырған конференцияда айтты.
Астана қаласы22 Мамыр , 17:09

Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі  аясындағы инновацияны дамыту  деңгейін анықтайтын негізгі индикаторлар технологиялық  дайындық және  инноваціиялық әлеует  болып табылады. 

««Технологиялық дайындық»  индикаторы  5 тармаққа-61 орыннан  56 орынға және «Инновациялық әлеует»  13 тармаққа-72 орыннан  59 орынға жақсарды.  Аталған индикаторлардың  жақсаруы  жүргізілген үдемелі индустриялық саясатпен байланысты,  оның аясында  жаңа жобалармен бірге  жаңа технологиялар келеді.  Бүкіләлемдікғ  интеллектуалды  меншік  ұйымымен  бірлесіп INSEAD француз бизнес-мектебі, Корнель университеті әзірлеген Инновацияның  жаһандық индексі рейтінгінде де Қазақстан өз орнын жақсартты. (2016-75, 2015-82)», - деді ол.

Н.Есембаеваның айтуынша, УИИДМБ басталғанға дейін инновациялық белсенділік  4 пайыз болса, 2016 жылы екі еседен артық өсіп, қазіргі уақытта  9,3 пайызды құрап отыр. (2015 жылы-8,1 пайыз).

«Инновациялық қаржыландыру  жыл сайын артып келеді. 2015 жылмен салыстырғанда  технологиялық инновацияларға  бөлінген қаржы екі еседен  асты (2015 жылы – 655 млрд, теңге, 2016 жылы-1529 млрд теңге)», - деді ол.  

Инновациялық қаржыландырудың артуы инновациялық өнім көлемінің өсуіне оң әсер етіп отыр. 2015 жылы инновациялық өнімдер көлемі 377 млрд. теңгені қраса, 2016 жылы аталған көрсеткіш 20 пайызға өсіп, 445,8 млрд теңгеге жетті.

Ақбота Күзекбай 




Яндекс.Метрика