Жаңа рейс демалуға жұмсалатын қаражатты едәуір үнемдеуге мүмкіндік береді. Қонақ үйлердің 90%-дан астамы арнайы қазақстандық отбасылар үшін балаларға тегін тұруды ұсынады. Шарм-Эль-Шейх әуежайы туристік рейстерге қызмет көрсету үшін арнайы төмен тарифтер енгізді, бұл тасымалдау құнын едәуір төмендетуге, сондай-ақ туристер Шарм-Эль-Шейх курортына ғана ұшқан жағдайда визасыз кіруге мүмкіндік береді. Осылайша, ұшуды, 5* қонақ үйінде тұру мен «Аll inclusive» жүйесі бойынша тамақтануды қоса алғанда, Қызыл теңізде 10 күн демалу шамамен 200 мың теңгені құрайды.
«Мысырдың артықшылықтары әркімге белгілі: Қызыл теңіз жағасында жыл бойы демалу, жақсы дайвинг және алуан түрлі экскурсиялық бағдарлама: пирамидалар, Сфинкс және Луксор. Мысырдың ашылуы басқа бағыттағы тұтынушылардың едәуір бөлігін тартып, қазақстандық туристер үшін ұсыныстарды арттыра түседі», - деді Kazunion туроператоры компаниясының директоры Қуаныш Байтұрсынов.
Кайрат Жандыбаев
Фото автора