EXPO-2017

Францияның мәдениеті павильонның әрбір элементінен көрініс табады (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Франция болашақ энергиясы саласында жеткен үздік жетістіктерін «Astana EXPO-2017» халықаралық көрмесі шеңберінде көрсетеді. Францияның Ұлттық павильоны француздардың жетекші кәсіпорындары жасаған технологиялық инновациялар көрмесі болады.
Астана қаласы22 Мамыр , 16:23

««Экоқала», «Жаңғырмалы энергия» және «Экологиялық көлік» - көрмеде көрсетілетін осы үш сараптау саласындағы компаниялар, француз павильонының кеңістігін жобалау кезіндегі негізгі тақырып болды.  Осы тақырыптардың біріне сай жасалған, француз павильонының 1-қабатындағы 7 бөлік келушілерге «жасыл энергетика» саласындағы жаңа технологиялармен танысуға мүмкіндік береді. Бөліктер галереялар арқылы қосылған, мұнда әлемдік өркениеттің дамуына өз үлесін қосқан, Францияның көрнекті қайраткерлері таныстырылады», - деді П.Лоро.

Франция рухани мұраға бай және ол өз мәдени дәстүрін ұқыпты сақтайды.   

«Қонақтар павильон аумағында, француз өнер қайраткерлерінің шығармаларын – мүсінші Милен Гермонның туындысы «Мини Аква» композициясын, суретші-иллюстратор Ян Далонның қолынан шыққан, Марианна бейнесін (Француз Республикасының символы) немесе павильонның алды көмкерілген, Францияның ең әдемі жерлерінің фотосуреттерін көре алады», - деді П.Лоро.

Astana EXPO-2017 халықаралық көрмесі жұмыс істеп тұрған уақытта Франция екі ұлттық мерекесін – 21 маусымда Франция күнін және 14 шілдеде Бастилияны алу күнін атап өтеді және осы күндердің құрметіне мерекелік іс-шара ұйымдастырылады.

«Франция 21 маусымда 30 жылдан астам уақыт Францияда тойланып келе жатқан музыка фестивалі – Музыка мерекесі шеңберінде ұйымдастырылған мереклер сериясында өзін барлық қырынан көрсетеді. Мереке қонақтары дәстүрлі цирк нөмірлері мен кабарені көріп, Францияның оңтүстік-батысының және Бретань музыкасын тыңдайды. Музыка мерекесі аясында Қазақ Ұлттіқ өнер университетінің студенттері де француз тілінде ән салады», - деді ол. 

Павильонның конференц-залында үш ай бойы көптеген семинарлар, шеберлік-сыныптары мен ғылыми конференциялар өтеді, оларға қатысқан қонақтар болашақ энергиясы саласындағы француз инновациялық технологиялары туралы, сондай-ақ білім, мәдениет және франкофония салаларындағы Франция мен Қазақстанның ынтымақтастығы туралы көптеген қызықты мәлімет ала алады.

Салтанат Сұрағанова 




Яндекс.Метрика