Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Мақтаарал ауданында 35 дана бақылау камерасы орнатылған

Мақтаарал ауданында бақылау камераларының жүйелерін дамыту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан22 Мамыр , 19:31

«Мақтаарал ауданында заңбұзушылықтар азайып келеді. Әсіресе қоғамдық орындар мен көлік қозғалысындағы тәртіпсіздіктер едәуір кеміген. Бұған аудан көлеміндегі қала мен кенттерге қойылған бейнебақылау жүйелерінің орнатылуы сеп болып отыр», - делінген хабарламада.

Жалпы биыл облыстық бюджет есебінен Мақтаарал ауданында 35 дана бейнебақылау камералары орнатылған. Олардың 31-і бейнекамера  болса,  4-еуі автокөліктердің нөмір белгілерін тіркеуге қабілетті. 

Бейнекамералардың 19 данасы Жетісай қаласында,  4 данасы Атакент кентінде, 2 данасы Асықатада,  2 данасы Мырзакентте, 1 данасы Алпамыс батыр ескерткіші маңында, 1 данасы Азаттық елді мекенінде, 1 дана бейнекамера мен  2 дана тіркеу камерасы «Тәуелсіздік» көпірі маңында,  Қызылқұм ауылдық округі Түркебай елді мекенінде 1 дана бейнекамера және 2 дана АНБК орналасқан. 

Сонымен қатар, аудандық Ішкі істер басқармасы ғимаратына жедел басқару орталығына (ЦОУ) құрал-жабдықтар орнатылып, жабдықталған.

Айта кетейік, бейнебақылау жүйелерін дамыту жобасы облыс әкімінің бастамасымен іске асып отыр.

 

 




Яндекс.Метрика