EXPO-2017

ЭКСПО-2017-ге аймақтардан 40 мың оқушы келеді

ЭКСПО-2017 көрмесіне аймақтардан әлеуметтік аз қамтамасыз етілгендер санатына жататын 40 мың оқушы келеді, деп хабарлады елорда әкімдігі.
Астана қаласы22 Мамыр , 18:31

Кішкентай қонақтар үшін арнайы екі күндік бағдарлама жасақталды: көрмені аралау және қаланың көрікті жерлері бойынша экскурсия.

«Жалпы, барлығы 1600 адамнан 25 келу жоспарланған – бір келгенде 40 топ 40 баладан болады. Әр аймақтық делегацияға жауаптылар бекітілді.  Балалардың болу уақытының барлығына бағыт жасақталды – күтіп алу, тұратын жеріне жеткізу, көрмеге дейін, экскурсия мен жол жүру», деп көрсетілген хабарламада.

Сонымен қатар, балалар «Astana LRT»ЖШС ұсынған жаңа қолайлы автобустарда қала бойынша қозғалатын болады.

Атап өтерлік жайт, барлық қатысушылар Астана қаласының білім беру мекемелерінің жатақханасына орналастырылатын болады. Бүгінде 1705 орынға есептелген 10 жатақхана белгіленді және оларда елордалық ІІД ЖПҚ қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік етеді. 




Яндекс.Метрика