Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

Өңірлік даму министрлігінің басшысы Алматы мен Алматы облысының тұрғын үй құрылысының жұмысымен танысты

Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев Алматы қаласына жұмыс сапары барысында Алматы және Алматы облысының тұрғын үй құрылысының жұмысымен танысты.
Алматы23 Желтоксан , 17:32

«Болат Жәмішев Өңірлік даму министрлігінің келесі ведомствоға бағынысты кәсіпорны «Қазақ Суарнажоба» АҚ-тың, сондай-ақ Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің жұмысымен танысты», - делінген хабарламада.  

Бүгінгі күні «Қазақ Суарнажоба» АҚ сумен жабдықтаудың, су бұрудың инженерлік жүйелері мен объектілерін, олармен байланысты елді мекендердің гидротехникалық құрылыстарын және күрделік деңгейі әртүрлі өнеркәсіптік кәсіпорындарды  жобалау, сондай-ақ жылумен жабдықтаудың инженерлік жүйелерін және т.б. жобалау жөніндегі мәселелерді белсенді түрде пысықтап жатыр.

Сондай-ақ, Алматы қаласының «Алғабас» шағын ауданына барып, «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасының шеңберінде салынып жатқан үйлердің құрылысы барысымен танысты. Осында Б. Жәмішев Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасын Алматыда іске асырылу барысымен танысты, бұдан басқа «Ақ бұлақ» бағдарламасының шеңберінде қаланы сумен жабдықтау және су бұру мәселелері талқыланды.

Іле ауданында Болат Жәмішев Алматы облысының Первомайка кентінде Алматының «G-4 City» серіктес қалалары объектілерінің құрылысын қарап шықты.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Өңірлік даму министрі Алматы облысының әкімдігіне  «Премьера», «Елисейские поля» және «Асыл арман» тұрғын үй кешендерінің құрылысын аяқтау жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.

 
 
 




Яндекс.Метрика