Мәдениетті жаңғырту

«Үркер-2017» байқауына 100-ден астам өтініш келіп түсті

«Үркер-2017» байқауына 100-ден астам өтініш келіп түсті. Бұл туралы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі хабарлады.
Астана қаласы22 Мамыр , 17:04

Жақында құрылтайшысы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі болып, «Қазконтент» АҚ ұйымдастырған «Үркер-2017» сыйлығы үшін байқауы жарияланған болатын.

«Үздік сұхбат», «Үздік репортаж», «Үздік аналитикалық материал» номинациясы бойынша көптеп түсуде.

Ұлттық сыйлық баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктері үшін беріледі, аймақтардағы мультимедиялық журналистиканы дамытуға ықпал ету, журналистика мәртебесін арттыру, қоғамның азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған.

Конкурстың мақсаты – талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, кәсіби журналистиканы дамытуға қосылған үлестерді көрсету, және олардың шығармашылығына қоғамның кең назарын аударту.

Қатысам деушілер өз жұмыстарын www.el.kz сайтына өтінім беру арқылы жолдай алады. Сайт сараптамасына сүйенсек осы уақытқа дейін байқауға 100-ден астам үміткер жұмыстарын жолдапты.

Солтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстарынан қатысушылар қатары қалың. Сыйлық лауреаттарын марапаттау рәсімі 2017 жылдың 28 маусым күні Журналистер мейрамына орай өтеді деп жоспарлануда.

 




Яндекс.Метрика