Инвестициялар

Астанада инвестиция көлемі 31,4%-ға артты

2017 жылғы қаңтар-сәуірде негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 195398,6 млн. теңгені құрады, бұл 2016 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 31,4%-ға жоғары, деп хабарлады Астана қалалық статистика департаментінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы22 Мамыр , 20:21

Астананың республикалық көлемдегі үлесі 10,5%-ды құрады.

«Инвестициялардың басым үлесі жекеменшік нысандағы кәсіпорындармен игерілді, бұл олардың жалпы көлемінің 73%-ын құрайды», - делінген хабарламада.

Қаржыландыру көздері бөлінісінде мемлекеттік бюджет каражаты 17,1%-ды, кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті қаражаты 72,9%-ды, банк кредиттері 3,1%-ды, басқа қарыз қаражаттары 6,9%-ды құрайды.

 




Яндекс.Метрика