Парламент

Астанада ММХҚИ түлектерінің форумы өтеді

Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының проректоры Артем Мальгинді қабылдады.
Астана қаласы 22 Мамыр, 12:36

Сенатта хабарлағандай,  әңгімелесу барысында  ММХҚИ  түлектерінің IV  халықаралық форумын ұйымдастыру және өткізу  мәселелері талқыланды.  Дәстүрлі түрде танымал мемлекеттік және қоғам қайраткерлері мен іскерлік  орта өкілдері бас қосатын шара Астанада  қазан айында өтеді.  Кездесудің мақсаты:  гуманитарлық байланысты нығайту, қазіргі заманның бейнесін ілгерілету, елдер мен халықатардың ашық қарым-қатынасын насихаттау.

Осыған дейін ММХҚИ форумдары Баку, Мәскеу және Ереванда өткен болатын.

 





Яндекс.Метрика