Өңірлер

Атбасар ауданында 12 көпқабатты үйдің құрылысы жоспарланған

Ағымдағы жылы Атбасар ауданыда он екі 45-пәтерлі тұрғын үй салу жоспарланған, деп хабарлады Ақмола облысының Аймақтық коммуникация қызметі.
Ақмола22 Мамыр , 13:47

Ақпаратқа сәйкес, су тасқыны кезінде өңірде 650-ден астам нысанды су басқан.  

«Үйлері жөндеуге жататын Атбасар қаласы мен ауылдық округтердің тұрғындарына  жаңа пәтерлер беріледі. Бүгінде жобалық -сметалық құжатнама жасалуда, тұрғын үйлердің құрылысын 2017 жылдың екінші жарты жылдығында бастау жоспарланған. Сонымен қатра, үйлері ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын қажет ететін азаматтарға материалдық көмек көрсетіледі.  Төлем сомасы сарапшылардың жасаған қорытырндысына байланысты болады», делінген хабарламада.   

Сонымен, бүгінде сарапталған нысандар бойынша 467 үй апатты деп танылған, оның ішінде 36 үй бұзылған. 168 үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет.  2017 жылдың 17 мамырындағы жағдай бойынша «Атбасар таза қала» қоғамдық бірлестігінде ашылған қайырымдылық есеп шоттың қаржысына  тұрғын үйді жалға алу бойынша 218 келісім жасалды.

Айта кетерлік жайт, жалға алу келісімінің жалпы сомасы 7 млн 630 мың теңгені құрады. 




Яндекс.Метрика