Адами капитал

Мемлекеттік еңбек инспекторлары 1549 тексеру жүргізді

Мемлекеттік еңбек инспекторлары 7 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады, деп хабарлады ХӘҚМ баспасөз қызметі.
Астана қаласы22 Мамыр , 12:17

2017 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 528 кәсіпорнында 9,4 мың жұмыскер алдында жалақы бойынша 1,1 млрд теңгеден астам қарыз бар екенін анықтады. Аталған кәсіпорындардың басшыларына орындалуға міндетті 461 ұйғарым беріліп, 59 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.   

Қолданылған шаралардың нәтижесінде, сонымен қатар, жалақы бойынша қарызды өтеудің мерзімі мен кестесін қатаң белгілеу арқылы 7 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Нәтижесінде оларға 867,7 млн теңге төленді.  

«Жалпы, өткен жылы, мемлекеттік еңбек инспекторлары 1549 тексеру жүргізіп, ҚР еңбек заңнамасын бұзудың 1844 дерегі анықталды және 65,6 млн теңге сомаға айыппұл салынды», - делінген хабарламада.

 




Яндекс.Метрика