Ұлттың денсаулығы

Канада Елшілігі Астанада Канада хоккейі күнін ұйымдастырды (ФОТОРЕПОРТАЖ)

«Барыс Арена» стадионында Канада хоккейі күні өтті. Іс-шара Канаданың 150 жылдық мерейтойын, Канада-Қазақстан дипломатиялық қатынастарының 25 жылдығын, сондай-ақ Қазақстандағы хоккейдің 60 жылдығын ресми түрде атап өтудің бір бөлігі болып табылады.
Нұр-Сұлтан22 Мамыр , 11:49

«Биыл Канада мен Қазақстан арасындағы екіжақты қатынастардың 25 жылдығын қуанышпен атап өтеміз. Сондай-ақ, Канадалық Конфедерацияның 150 жылдығын, Стэнли Кубогының 125 жылдығын, Қазақстандағы хоккейдің 60 жылдық мерейтойын, Канада-КСРО суперсерияларының 45 жылдығын және 1987 жылғы Канада Кубогының 30 жылдығын атап өту үшін жиналдық. Осындай көптеген маңызды оқиғалар бір уақытта өткен жағдайда біз кідіріс алып, спорттың сүйікті түрі жайында ойлана аламыз. Елінен тыс жерлерде де биік жетістіктерге жетіп, әлем бойынша хоккей әуесқойларының санын арттырғандарға құрмет көрсетеміз. Хоккей ойынының кәсіпқой мамандары мен әуесқойлары ойын кезінде алған дағдылары мен тәжірибелері жастарға өмір қиындықтарына анағұрлым дайын болуға көмектесетінін біледі», - Деді Канаданың ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шон Перри Стайл.

Сондай-ақ, ол Канада хоккейі күні қайырымдылық іс-шарасы болып табылатынын да атап өтті – билеттерді сатудан түскен барлық қаражат Қазақстандағы балалар хоккей қозғалысын дамытуға бағытталмақ.

«Іс-шара барысында түскен барлық қаражат Қазақстанда хоккейді дамыту бағдарламасын қолдауға бағытталады. Сіздің көмегіңізбен аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан 150 балаға хоккей ойнауға мүмкіндік береміз», - деп атап өтті Ш.Стайл.

Мереке Торонтодан әкелінген бірегей хоккей экспонаттары, соның ішінде 1987 жылғы Канада Кубогы бар «Хоккей даңқы залы» көрмесінің ашылуынан басталды. Сонымен қатар, көрмеде қазақстандық хоккейдің тарихын көрсететін бірегей экспозиция да ұсынылды.

Бұдан әрі келген қонақтар, жанкүйерлер және хоккей әуесқойлары хоккей матчінің көрсетілімдерін көре алды.

Қазақстан мен Канада арасындағы әсерлі ойын канадалық хоккей күнінің негізгі оқиғасына айналды, ол Қазақстан командасының пайдасына 5:4 есебімен аяқталды.

Іс-шараға Канаданың ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шон Перри Стайл, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары, Қазақстанның хоккей федерациясының президенті Асқар Мамин, «Барыс» ХК президенті Асқар Шопобаев, хоккей жұлдыздары: Кен Драйден, Игорь Ларионов, Брайан Пропп, Сэмми Джо Смол, Билли Бриджес, Сергея Немчинов және басқалары қатысты. 

Қазақстандық команда құрамында отандық хоккей ардагерлері ғана емес, сонымен қатар белгілі мемлекет қайраткерлері де болды. Осы күні мереке қонақтары галстуксыз, хоккей киімінде ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары, Қазақстан хоккей федерациясының президенті Асқар Маминді ғана емес, сонымен қатар,  ҚР білім және ғылым министрі, Ерлан Сағадиевті, Қазақстан хоккей федерациясы атқарушы комитетінің мүшесі Әнуар Садықұловты, «Барыс» ХК президенті Асқар Шопобаевты да көре алды. Хоккейшілердің арасында, сондай-ақ, Ерлан Сағымбаев, Ғалым Мамбетәлиев, Вячеслав Белан, Александр Высоцкий, Александр Колюжный және басқалары болды. Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабына Александр Корешков пен Сергей Старыгин кірді.

Осы матч үшін арнайы әзірленген «Мұра» кубогы ерекше назар аударуды қажет етеді. Оның дизайны Қазақстан мен Канаданың белгілі символдарының бірігуін, ал бидай масақтарының 25 образы елдердің екіжақты ынтымақтастығының табысты 25 жылын білдіреді. Осы бірегей олжа Астанада қалмақ және оған матч қатысушыларының есімдері жазылатын болады.

Еске сала кетейік, мұндай іс-шара бірінші рет өткізіліп отырған жоқ. Канадалық хоккей күні алғаш рет «барыс» аренасында 2016 жылы өткен болатын, онда қазақстан құрамасы 6:5 есебімен жеңіске жеткен еді.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика