Парламент

Мәжілісте мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу туралы заң жобасы талқыланады

Мәжіліс Спикер Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің жалпы отырысы өтті, шарада палатаның алдағы отырысының күн тәртібі анықталды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Астана қаласы22 Мамыр , 10:56

Мәліметке сәйкес, депутаттардың назарына бірінші оқылымда  мемлекеттік билік тармақтары  арасында өкілеттікті қайта бөлу мен кейбір заңнамалық актілерге толықтырулар мен өзгертулерді ҚР Конституциясына сай  жүргізу  жөніндегі заң жобалары ұсынылады.

Палатада  ҚР кейбір конституциялық  заңдарына өзгертулер енгізу туралы Конституциялық заңның  жобасы қаралады.

Сондай-ақ, депутаттар «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» заңына өзгертулер енгізу мен электр энергетикасы мәселесіне  (екінші оқылым)  толықтырулар енгізу  жобаларын қарайды.

 




Яндекс.Метрика