«2017 жылғы қаңтар-сәуірде тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар көлемі 36525,7 млн. теңгені құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-сәуірдегі деңгейге қатысты алғанда 88,1%. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде тұрғын үй құрылысында игерілген қаражаттар үлесі 18,7%-ды құрады», - делінген хабарламада.
Барлық қаржыландыру көздерінің есебінен 11585 пәтерлік тұрғын үйлер пайдалануға берілді, пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 155 мың 966 шаршы метрді құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-cәуірдегі деңгейден 48,1%-ға жоғары. Жеке салушылармен жалпы ауданы 74252 шаршы метр тұрғын үйлер салынған, бұл 2016 жылғы қаңтар-сәуірге қатысты алғанда 124,1%. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемінде жеке тұрғын үй құрылысының үлесі 2016 жылғы қаңтар-сәуірдегі 7,7%-ға қарағанда 6,4%-ды құрады.
Елордада 2017 жылғы қаңтар-сәуірде тұрғын үйлердің жалпы ауданының 1 шаршы метрін салудың орташа нақты шығыны 149,7 мың теңгені, оның ішінде жеке салушылармен тұрғызылғаны 78,8 мың теңгені құрады.