Экономика

ҚР-да бір жыл ішінде экономиканың 45 саласы бойынша шынайы жалақы көтерілді

Ағымдағы жылы ең жоғарғы жалақы көлік саласы кәсіпорындарында, деп хабарлады ҚР ҰЭМ СК.
Нұр-Сұлтан22 Мамыр , 10:34

ҚР-да бір жыл ішінде экономика  салалары бойынша 48%-да  (45 сала) шынайы жалақы көтерілді,  өткен жылы бұл көрсеткіш 35% (33 сала) құрады.

Хабарламаға сәйкес, 1 тоқсанда шынайы жалақы индексі (2016 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда) 0,4%-дан (тұрғылықты мекен-жаймен қамтамасыз етпей әлеуметтік қызметтерді ұсыну) 39,7% (компьютерлерді, жеке қолданатын заттар мен тұрмыстық заттарды жөндеу) аралығында болды.

«Ағымдағы жылы ең жоғары жалақы теңіз және теңіз маңындағы жүк көлігінде (661,2 мыңтеңге, айта кетерлік жайт бір жыл ішінде көлемі 6%-ға немесе 43 мың теңгеге  төмендеді); су көлігінде (569,5 мың теңге,  бір жылда 7%-ға төмендегеніне қарамастан) жұмыс істейтін жұмысшылар мен  басты компаниялардың (454 мың теңге, жалақының  20%-ға немесе 115,9 мың теңгеге азайғанына қарамастан)жұмысшыларында», делінген хабарламада.

Айтап өтерлік жайт, ағымдағы жылы ҚР экономикасында бастапқы орташа айлық жалақының өсімі жұмысқа орналастыру саласында тіркелді  - 2016 жылдың қаңтар-наурыз айларымен салыстырғанда сала мамандарының жалақысы 100,8 мың теңгеге артты немесе 30%-ға көбейді. Осы ретте, инфляция деңгейін есепке алатын болсақ аталмыш секторда жалақы 20,2%-ға өсті.

Сонымен қатар, бастапқы жалақының өсімі бойынша  құбыр бойынша тасымалдартын кәсіпорындар көш бастап тұрғандар. Ағымдағы жылы олардың жұмысшыларының жалақысы өткен жылмен салыстырғанда 95,4 мың теңгеге (немесе 29%-ға артты) және компьютерлерді және тұрмыстық таураларды жөндеумен айналысатындардың жалақысы 77 мың теңгеге (немесе 51%-ға) артқан.

Жалпы,  2017  жылдың қаңтар-наурыз айларындағы ең жоғарғы жалақы деңгейі экономиканың «он» салысында тіркелген және олар көлік секторына тиесілі. 




Яндекс.Метрика